Қысқы каникул кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу және отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында мектебімізде «Отбасымен кітап оқимыз» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар ата-аналарымен бірге сүйікті кітаптарын оқып, әсерлерімен бөлісті. Бұл шара балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген ықыласын, қарым-қатынасын нығайтуға себеп болды.



