Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ
Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде оқушыларды ыстық тамақпен қамту бекітілген ас мәзіріне сәйкес ұйымдастырылған. Ас мәзірі оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылып, құнарлы әрі сапалы тағамдардан тұрады.
Мектеп қабырғасында оқушылардың қатысуымен 21 қаңтар күні ұйымдастырылған қайырымдылық бағыттағы «Тәтті тағамдар жәрмеңкесінен» түскен қаражат есебінен даярлық тобында оқитын көп балалы отбасынан шыққан оқушы Рамазан Динаға оқу-тәрбие процесіне қажетті мектеп құрал-жабдықтары, атап айтқанда қаламсаптар, қарындаштар, бояулар, альбомдар, пласталин, және өзге де кеңсе бұйымдары сатып алынып, оқушыға тапсырылды.
Мектептің 5–7 сынып оқушыларына денсаулықты сақтау мақсатында «Жапсырмаға 5 секунд назар аударсаң, денсаулығыңды сақтайсың» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Бейнеролик барысында оқушыларға өнімдердің жапсырмасына назар аударудың маңыздылығы түсіндіріліп, дұрыс тамақтану мен зиянды әдеттердің алдын алу туралы ақпарат берілді. Іс-шара оқушылардың денсаулыққа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталды.
.





