Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ

МЕНЮ

Бастауыш сынып оқушыларына  «Жапсырмаға 5 секунд назар аударсаң – денсаулығыңды сақтайсың» тақырыбында танымдық бейнеролик көрсетілді.

Бейнероликтің негізгі мақсаты – оқушыларға күнделікті тұтынатын тағамдар мен сусындардың қаптамасындағы (жапсырмасындағы) ақпаратқа назар аударудың маңыздылығын түсіндіру. Ролик барысында өнімнің жарамдылық мерзімі, құрамы, қант пен тұз мөлшері, зиянды қоспалар туралы мәліметтерді небәрі 5 секунд ішінде оқып үлгеруге болатыны қарапайым әрі түсінікті тілмен баяндалды.
Оқушылар бейнероликпен танысқан соң,  өз ойларын ортаға салды, сұрақтарға жауап берді. Бейнеролик балалардың қызығушылығын арттырып, олардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауына оң әсерін тигізді.
Әлеуметтік педагог: Әутен Назерке

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде 1-2 сынып оқушыларынан  «Мектептегі ыстық тамақтың оқушы денсаулығына әсері» тақырыбында сауалнама алынды.

 Мақсаты: Сауалнама арқылы мектептегі ыстық тамақтың балалардың денсаулығына, көңіл-күйі мен оқу үлгеріміне қалай әсер ететінін анықтау.
    Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, 1–2 сынып оқушылары мектептегі ыстық тамақпен тұрақты түрде тамақтанып, оны жақсы көретіндерін білдірді.
Әлеуметтік педагог: Әутен Назерке
 
 WhatsApp Image 2026 01 27 at 18.06.43       WhatsApp Image 2026 01 27 at 18.06.44
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ