Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ

МЕНЮ

Мәлік Ғабдуллин орта мектебінде бракераждық комиссия мүшелері асхананың тазалығын және ыстық тамақтың ұйымдастырылуын тексерді. Тексеру барысында асхана аумағының санитарлық талаптарға сай екені, тағам дайындау мен тарату үдерісінің белгіленген ережелерге сәйкес жүргізіліп жатқаны анықталды. Ыстық тамақтың сапасы, тағамдардың температурасы мен мәзірдің бекітілген талаптарға сәйкестігі назарға алынды.

Комиссия мүшелері қызметкерлердің арнайы киіммен қамтамасыз етілуін, асхана жабдықтарының тазалығын және тағам өнімдерінің сақталу шарттарын қарап шықты. Нәтижесінде, асхана жұмысы қанағаттанарлық деп бағаланды.
Алдағы уақытта оқушылардың сапалы әрі қауіпсіз ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін тұрақты бақылауда ұстау қажет екені атап өтілді.
Әлеуметтік педагог: Әутен Назерке
 
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ