Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ

МЕНЮ

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде 10 ақпан – Халықаралық интернет күніне орай бірқатар іс-шаралар өткізілді.

🔹 Тәрбие сағаттарының тақырыбы:
«Қауіпсіз интернет – жарқын болашақ кепілі»
🔹 Пікірсайыс тақырыбы:
«Интернет: мүмкіндік пе, әлде қауіп пе?»
🔹 Ашық жиын тақырыбы:
«Цифрлық сауаттылық – заман талабы»
📌 Іс-шараның мақсаты:
– Оқушылардың интернеттегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру;
– Кибербуллингтің, интернет алаяқтықтың алдын алу;
– Жеке деректерді қорғау туралы түсінік беру;
– Саналы әрі тиімді интернет қолдануды насихаттау;
– Жасөспірімдердің цифрлық сауаттылығын арттыру.
Шара барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, интернеттің пайдалы және зиянды тұстарын талқылады. Сонымен қатар, қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, нақты өмірлік мысалдар келтірілді.
Қауіпсіз интернет – әр оқушының саналы таңдауынан басталады!
 
 
 
 

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы оқуға ұсынылды.
Қабдеш Жұмаділов — жазушы, Қазақтың халық жазушысы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,
«Парасат», «Барыс» ордендерінің, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері.
Жазушы 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген.
Қаламгер шығармашылығының негізгі арқауы — тарихи тақырып. Ол қазақ халқының тағдыры, елдік пен ерлік, көші-қон тарихы мен ұлттық болмысты терең суреттеген.
Қабдеш Жұмаділовтің екі кітаптан тұратын «Соңғы көш» (1974–1981), «Атамекен» (1988), «Тағдыр» (1988) романдары Шыңжаң қазақтарының өмірі мен тарихи тағдырын арқау етеді.
Жазушының шығармалары орыс, украин, беларусь, өзбек, ұйғыр, қырғыз және басқа да тілдерге аударылған.

 

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектеп кітапханасында 3–10 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған«Кітаппен қанаттан» кітап оқу марафоны өз жалғасын табуда.Марафон аясында оқушылар өздері оқып, ерекше әсер алған көркем шығармалар бойынша буктрейлерлер дайындап, шығармашылық ізденістерін көпшілік назарына ұсынып келеді. 6-сынып оқушысы Болат Зере қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгері Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романын оқып, мазмұны терең, ойы ұшқыр буктрейлер әзірледі. Жас оқырманның кітапқа деген қызығушылығы мен шығармашылық талпынысына сәттілік тілейміз!

 
 

2024 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Зиялы ұлт – алғыс шарты» атты аса маңызды ой-пікірін айтқан болатын. Осы бастама аясында 2024 жылы Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектепте «Кітап оқып жарысайық» атты кітап оқу марафоны ұйымдастырылды.

2025 жылы облыс әкімі Қарашөкеевтің бастамасымен жүзеге асқан «Әулиеата өңірі – оқитын өңір» жобасы аясында «Артық білім» тақырыбында кітап оқу марафоны өз жалғасын тапты. Аталған марафонға Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп оқушылары белсене қатысып, кітап оқу жарысында бақ сынады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және марапаттармен марапатталды.
Ал 2026 жылы Шу ауданы білім бөлімінің басшысы Жазықбаев Жайдар Саттаркуловичтың бастамасымен оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиет арқылы тілдік қорын байыту, рухани-мәдени дамуына жағдай жасау мақсатында аудан көлемінде «Кітаппен қанаттан» жобасы қолға алынды. Осы жоба аясында оқушылар арасында өтетін бірінші кезең – іріктеу кезеңі жарияланады.
 
 
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ