Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектеп кітапханасында 3–10 сынып оқушылары арасында «Кітаппен қанаттан» атты кітап оқу марафоны өз жалғасын табуда. Марафон аясында оқушылар өздері оқып, ерекше әсер алған көркем шығармаларға буктрейлерлер дайындап, шығармашылық ізденістерін көпшілік қауым назарына ұсынып отыр.
Аталған марафонға 10 «А» сынып оқушысы Амангелді Назым белсене қатысып, ақын Мұхтар Шахановтың «Нарынқұм зауалы» атты поэмасын қазіргі заманға сай комикс форматы арқылы жаңаша интерпретациялады. Оқушы поэманың негізгі идеясын өз көзқарасымен шебер жеткізіп, туындыдағы терең мағынаны заманауи көркем тәсілдермен ұштастыра отырып, оқырманға түсінікті әрі әсерлі түрде ұсынды.


