«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»
Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде « Заң және тәртіп» құқықтық сауаттылық айлығы барысында тәлімгер Г.Садыкованың ұйымдастыруымен «Салауатты өмір – құқық бұзушылыққа жол жоқ!» тақырыбында сурет байқауы өтті.
Оқушылар өз жұмыстарында денсаулықтың, тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын көркем түрде бейнелеп, белсенділік танытты. Осындай шаралар жас ұрпақты саналы да жауапты азамат етіп тәрбиелеуге бағытталған.


