Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектеп кітапханасында 3–10 сынып оқушылары арасында «Кітаппен қанаттан» атты кітап оқу марафоны өз жалғасын табуда. Марафон аясында оқушылар өздері оқып, ерекше әсер алған көркем шығармаларға буктрейлерлер дайындап, шығармашылық ізденістерін көпшілік қауым назарына ұсынып отыр.
Аталған марафонға 10 «А» сынып оқушысы Байтұрған Заңғар белсене қатысып, орыс әдебиетінің классигі А.С. Пушкиннің «Капитанская дочь» атты әйгілі шығармасына тоқталды. Оқушы шығармадағы тарихи кезең, кейіпкерлердің мінез-құлқы мен адамгершілік құндылықтарды терең талдап, өз ойын мазмұнды буктрейлер арқылы көрерменге әсерлі жеткізе білді.


