Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ

МЕНЮ

2024 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Зиялы ұлт – алғыс шарты» атты аса маңызды ой-пікірін айтқан болатын. Осы бастама аясында 2024 жылы Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектепте «Кітап оқып жарысайық» атты кітап оқу марафоны ұйымдастырылды.

2025 жылы облыс әкімі Қарашөкеевтің бастамасымен жүзеге асқан «Әулиеата өңірі – оқитын өңір» жобасы аясында «Артық білім» тақырыбында кітап оқу марафоны өз жалғасын тапты. Аталған марафонға Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп оқушылары белсене қатысып, кітап оқу жарысында бақ сынады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және марапаттармен марапатталды.
Ал 2026 жылы Шу ауданы білім бөлімінің басшысы Жазықбаев Жайдар Саттаркуловичтың бастамасымен оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиет арқылы тілдік қорын байыту, рухани-мәдени дамуына жағдай жасау мақсатында аудан көлемінде «Кітаппен қанаттан» жобасы қолға алынды. Осы жоба аясында оқушылар арасында өтетін бірінші кезең – іріктеу кезеңі жарияланады.
 
 
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ