Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ

МЕНЮ

Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай өткізілген іс-шара

2025 жылы Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы, көрнекті жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай 9-сынып оқушыларымен Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушыларға Бауыржан Момышұлының ерлікке толы өмір жолы, Ұлы Отан соғысындағы батырлығы, сондай-ақ жазушылық қыры туралы мағлұмат берілді.
Сонымен қатар, «Тұлғасы тұнған тәлім» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеге батырдың өмірі мен шығармашылығына қатысты кітаптар, фотосуреттер мен мерзімді басылымдарда жарияланған материалдар қойылды және Бауыржан атамыз туралы видеороликтер көрсетілді.
Танымдық іс-шара оқушылардың патриоттық рухын көтеріп, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды.
Ұйымдастырған: Кітапханашы Д. Назарова Тәлімгер: Г. Садыкова
 
                                                                                       563004864 1874126370191638 3107115652812484037 n          560112791 1874126423524966 3671773521435865465 n

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде отбасы құндылықтарын насихаттау,отбасындағы бауырмалдылық, қайырымдылық,достық қарым – қатынасты қалыптастыру мақсатында кітапханашы Д.Назарованың ұйымдастыруымен «Отбасы-тәрбие бастауы» атты фото көрме және «Отбасы-тәрбие мектебі» тақырыбында бұрыш жасалынып, оқушыларға таныстырылды.

 

Мақсаты:бүлдіршіндерді кітапхана әлемімен таныстыру, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, ертегілер мен көрнекі иллюстрациялар арқылы оқуға қызығушылығын ояту, алдағы уақытта кітапхананы тұрақты пайдалануға ынталандыру.
Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп кітапханасында кішкентай бүлдіршіндерге арналған «Кітапханаға саяхат» атты қызықты шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар кітапхана қорымен танысып, кітап туралы ертегіні тамашалады. Сонымен қатар балаларға кітап ішіндегі көрнекі иллюстрациялар мен 3D форматтағы кейіпкерлер ұсынылды.
Кітапханаға алғаш қадам басқан бүлдіршіндер кітаптың құдіретін сезініп, алдағы уақытта өскенде кітапханаға жиі келіп, білімдерін толықтыратынына уәде берді. Қазірше оларды ағалары мен әпкелері кітапханадағы шығармаларды алып, бірге оқып беретінін айтты.
 
                                                                                    556829423 1858861548384787 2489412506347045636 n            557750210 1858861358384806 1232356426930261013 n

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы жариялаған 2025 жылдың 17 қазан – 17 қараша аралығындағы Мектеп кітапханалары айлығы аясында, «Ұлттық құндылықтар» тақырыбымен «Балалар кітапханасында» жобасы бойынша Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектеп кітапханасында “Мен және кітап” атты 5-7 сынып оқушылары арасында қабырға газет байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты – оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Байқау барысында оқушылар өздері оқыған кітаптарға байланысты түрлі фантазия мен көркемдік шеберліктерін қолдана отырып, мазмұнды қабырға газеттерін әзірлеп, таныстырды.
 
                                  af7489d7 9764 4787 9e44 5ae586e7440f      dad6accf bd56 4215 811b df927b289b26
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ