Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ

МЕНЮ

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектеп кітапханасында 3–10 сынып оқушылары арасында «Кітаппен қанаттан» атты кітап оқу марафоны өз жалғасын табуда. Марафон аясында оқушылар өздері оқып, ерекше әсер алған кітаптарына буктрейлерлер дайындап, шығармашылық жұмыстарын көпшілік қауым назарына ұсынып отыр.

5-сынып оқушысы Нұрмахамет Аяжан орыс тіліндегі «В тридевятом царстве, в тридесятом государстве» атты кітабын ұсынып отыр. Ол орыс тіліндегі кітаптарды ерекше қызығушылықпен оқиды.
 

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектеп кітапханасында 3–10 сынып оқушылары арасында «Кітаппен қанаттан» атты кітап оқу марафоны өз жалғасын табуда. Марафон аясында оқушылар өздері оқып, ерекше әсер алған көркем шығармаларға буктрейлерлер дайындап, шығармашылық ізденістерін көпшілік қауым назарына ұсынып отыр.

Аталған марафонға 10 «А» сынып оқушысы Байтұрған Заңғар белсене қатысып, орыс әдебиетінің классигі А.С. Пушкиннің «Капитанская дочь» атты әйгілі шығармасына тоқталды. Оқушы шығармадағы тарихи кезең, кейіпкерлердің мінез-құлқы мен адамгершілік құндылықтарды терең талдап, өз ойын мазмұнды буктрейлер арқылы көрерменге әсерлі жеткізе білді.
 
 
 

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектеп кітапханасында 3–10 сынып оқушылары арасында «Кітаппен қанаттан» атты кітап оқу марафоны өз жалғасын табуда. Марафон аясында оқушылар өздері оқып, ерекше әсер алған көркем шығармаларға буктрейлерлер дайындап, шығармашылық ізденістерін көпшілік қауым назарына ұсынып отыр.

Аталған марафонға 10 «А» сынып оқушысы Амангелді Назым белсене қатысып, ақын Мұхтар Шахановтың «Нарынқұм зауалы» атты поэмасын қазіргі заманға сай комикс форматы арқылы жаңаша интерпретациялады. Оқушы поэманың негізгі идеясын өз көзқарасымен шебер жеткізіп, туындыдағы терең мағынаны заманауи көркем тәсілдермен ұштастыра отырып, оқырманға түсінікті әрі әсерлі түрде ұсынды.
 

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде « Заң және тәртіп» құқықтық сауаттылық айлығы барысында тәлімгер Г.Садыкованың ұйымдастыруымен «Салауатты өмір – құқық бұзушылыққа жол жоқ!» тақырыбында сурет байқауы өтті.
🎨 Байқаудың мақсаты – оқушылардың салауатты өмір салтына деген көзқарасын қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу, заңға бағыну мәдениетін арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқушылар өз жұмыстарында денсаулықтың, тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын көркем түрде бейнелеп, белсенділік танытты. Осындай шаралар жас ұрпақты саналы да жауапты азамат етіп тәрбиелеуге бағытталған.
 
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ