Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектеп кітапханасында 3–10 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған«Кітаппен қанаттан» кітап оқу марафоны өз жалғасын табуда.Марафон аясында оқушылар өздері оқып, ерекше әсер алған көркем шығармалар бойынша буктрейлерлер дайындап, шығармашылық ізденістерін көпшілік назарына ұсынып келеді. 6-сынып оқушысы Болат Зере қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгері Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романын оқып, мазмұны терең, ойы ұшқыр буктрейлер әзірледі. Жас оқырманның кітапқа деген қызығушылығы мен шығармашылық талпынысына сәттілік тілейміз!
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ
МЕНЮ
«КІТАППЕН ҚАНАТТАН»
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ


