Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ
Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде мектеп асханасының жұмысына қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында ата-аналарға арналған "Ашық есік күні" ұйымдастырылды. Іс-шараға 5 ата-ана қатысып, мектеп асханасының санитарлық-гигиеналық жағдайымен танысып, асхананың жұмысын көрді. Олар тағам дайындау үдерісі мен бекітілген ас мәзірін қарап, тағамдардың сапасына баға берді. Іс-шара қорытындысы бойынша ата-аналар асхананың жұмысына қанағаттанғанын білдіріп, өз ризашылықтарын жеткізді
Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде оқушыларды ыстық тамақпен қамту тұрақты түрде ұйымдастырылған. Оқушылар күнделікті белгіленген кесте бойынша ыстық тағаммен қамтамасыз етіледі. Асханада ұсынылатын тағамдар бекітілген ас мәзіріне сәйкес дайындалады.
М. Ғабдуллин атындағы орта мектепте «Тәтті тағамдар» атты қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға 8 а және 8 ә сынып оқушылары белсене қатысып, өзара атсалысты. Оқушылар үй жағдайында өз қолдарымен дайындап әкелген түрлі тәтті тағамдарын жәрмеңкеге ұсынып, сатып отырды.
Мәлік Ғабдуллин орта мектебінде бракераждық комиссия мүшелері асхананың тазалығын және ыстық тамақтың ұйымдастырылуын тексерді. Тексеру барысында асхана аумағының санитарлық талаптарға сай екені, тағам дайындау мен тарату үдерісінің белгіленген ережелерге сәйкес жүргізіліп жатқаны анықталды. Ыстық тамақтың сапасы, тағамдардың температурасы мен мәзірдің бекітілген талаптарға сәйкестігі назарға алынды.





