Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ
Ізгі шараға демеушілік жасағандар:
Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінің әлеуметтік педагогы Әутен Назерке 7-сынып оқушылары арасында «Зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында сауалнама жүргізді.
Биылғы 2025-2026 оқу жылының басталуымен қатар, мектебімізде балаларды бір мезгіл тегін тамақтандыру жұмыстарыда ұйымдастырылып, жүргізіліп келеді. Аталған жұмыстың сапалы жүргізілуін бақылау мақсатында брокераждық комиссия құрылды.
Мәлік Ғабдуллин орта мектебінің әлеуметтік педагогы Н.Әутен 10–11 сынып оқушылары арасында «Мен және менің құқықтарым» тақырыбында сауалнама жүргізді. Сауалнаманың негізгі мақсаты – оқушылардың өз құқықтары мен міндеттері туралы түсінік деңгейін анықтау, құқықтық сауаттылығын арттыру және мектепте құқықтық мәдениетті нығайту болды. Сауалнама барысында оқушыларға адам және бала құқықтары жөніндегі негізгі түсініктер, Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Бала құқықтары туралы» Конвенцияда көрсетілген құқықтар туралы сұрақтар қойылды. Сонымен қатар оқушылардың құқықтық мәселелерге деген көзқарасы, өз құқықтарын қорғау жолдары туралы өз ой-пікірлерін жазды.






