Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ
МЕНЮ
Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде 3-4 сынып оқушыларынан “Ас -адамның арқауы”тақырыбында сауалнама алынды.
Сауалнаманың мақсаты – оқушылардың дұрыс тамақтану, ұлттық тағамдардың маңызын түсіну және салауатты өмір салты туралы білімдері мен көзқарастарын анықтау.
Зерттеу барысында оқушылардың тамақтану әдеттері, тәуліктік ас мәзірі, және тамақтану процесі туралы қандай маманнан кеңес сұрау керектігі,тәулігіне неше рет тамақтану туралы және санитарлық-гигиеналық нормаға сай болу туралы түсініктері қарастырылды. Алынған мәліметтер оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай тағам мәдениетіне деген қызығушылығы мен түсінігін бағалауға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік педагог: Н.Әутен
Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектеп асханасында ата-аналарға арналған «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — асхананың жұмысымен, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуымен және оқушыларға ұсынылатын тағамдардың сапасымен ата-аналарды таныстыру.
Ата-аналар асхананың күнделікті жұмыс барысын бақылады. Сонымен қатар, жеткізілген азық-түліктің сапасын, құжаттарын және қабылдау тәртібін көріп, қабылдау актісінің жүргізілуіне куә болды.
Ата-аналар комитетінің мүшесі А.Сарсенбекова және ата-ана Д.Назарова ас мәзірімен, тағам түрлерімен және асхана қызметкерлерінің жұмыс жүйесімен жан-жақты танысып, өз сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді.
#АшықЕсікКүні


© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ





