Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде оқушыларды ыстық тамақпен қамту тұрақты түрде ұйымдастырылған. Оқушылар күнделікті белгіленген кесте бойынша ыстық тағаммен қамтамасыз етіледі. Асханада ұсынылатын тағамдар бекітілген ас мәзіріне сәйкес дайындалады.
Асхана жұмысы санитариялық-гигиеналық талаптарға толық сай жүргізіледі. Тағам дайындау барысында азық-түлік өнімдерінің сапасына, сақтау мерзіміне және тағамның қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Асхана қызметкерлері медициналық тексеруден өткен, арнайы киіммен қамтамасыз етілген.
Оқушылардың дұрыс және сапалы тамақтануын ұйымдастыру олардың денсаулығын сақтау мен оқу үдерісін тиімді жүргізуге бағытталған.
.


