Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысында оқушылар арасында білімді, білікті, тапқыр, ұшқыр ойлы, өз ойын ашық жеткізіп, дәлелдей білетін азаматтар даярлау, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуге ықпал ету, оқушыларды өзара тәжірибе алмасуына, жаңа ұсыныстар мен идеялар қалыптастыруға баулу мақсатында өткен «Әділетті,таза және қауіпсіз Қазақстан» аудандық пікірсайысында ІІІ орын иеленген Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінің Резонанс фракциясы марапатталды.
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасындағы республикалық «Ақберен» байқауының аудандық кезеңінде «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша дараланған 8 сынып оқушысы Бақытжан Инабат ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Терең тарихтан — жарқын болашаққа» атты аудандық байқау
Республикалық "Қазақтың біртуар ұлы- Дінмұхамед Қонаев" атты шығармашылық байқауының аудандық кезеңі
Республикалық "Қазақтың біртуар ұлы- Дінмұхамед Қонаев" атты шығармашылық байқауының аудандық кезеңінде Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінің оқушылары "Эссе" бөлімінде 10 "А" сынып оқушысы Дулатбай Арайлым Жұлдызханқызы бас жүлде, "Ғылыми жоба" бөлімінде Амангелді Назым Асқарқызы 1-орын иеленді.





