«АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ»
Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасын іске асыру мақсатында 4 сынып жетекшілері
Ғ.Тамабаева мен Э.Тажибаева «Цифрлық қауіпсіздік және онлайн ортада баланы қорғау» тақырыбында ата-аналармен сабақ өткізді.
Мақсаты: онлайн ортадағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың қаупі туралы ата-аналардың хабардарлығын арттыру және оларды интернеттегі зорлық-зомбылықтан қорғау дағдыларын қалыптастыру.


