Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ

МЕНЮ

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толуына орай АӘТД пәнінің мұғалімі Қ.Спанқұловтың ұйымдастыруымен «Ел қорғаны – ер жүрек жас сарбаз» тақырыбында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубы мүшелері арасында әскери-спорттық сайыс өтті.

Сайыстың мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік пен елжандылық қасиеттерді қалыптастыру, әскери дайындықтарын жетілдіру, күш-жігерін, ептілігі мен төзімділігін арттыру, сондай-ақ Мәлік Ғабдуллиннің ерлік жолын үлгі ете отырып, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу.
Іс-шара барысында жас сарбаздар саптық дайындық, әскери эстафета, күш пен жылдамдықты талап ететін түрлі кезеңдерде өз шеберліктерін көрсетті. Сайыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар белсенділік пен ұйымшылдық танытты.Сайыс соңында жеңімпаздар марапатталды.
601890540 1930376617899946 4687014547038347578 n  601833118 1930376877899920 1495672379412068527 n   605575884 1930376927899915 3792065634364092650 n   606394575 1930377044566570 3479462604284289931 n
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ