Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде қысқы каникул кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мектепте үстел теннисінен спорттық ойындар ұйымдастырылды.
Іс-шараға әр жастағы оқушылар белсене қатысып, өзара жарысып, жақсы көңіл күй мен сергектік сыйлады. Бұл ойын оқушылардың жылдамдық және дәлдік дағдыларын дамытуға оң әсер етті.
Спорттық іс-шараның жетекшісі: Спанқұлов Қ.


