Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде 2026 жылғы 19 қаңтарда оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда «КІТАП БЕТБЕЛГІЛЕРІ ЕМЕС» және «ХУЛИГАНКА» атты қысқаметражды фильмдер көрсетілді.
Аталған кинокөрсетілім Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі жүзеге асырып отырған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Заң және тәртіп» айлығы аясында өтті.


