Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде 9–11 сынып оқушыларымен Шу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығының заңгер маманы Анықбаева Мөлдір «Өз құқығыңды білу сауаттылығы» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға олардың құқықтары мен міндеттері, заң алдындағы жауапкершілік, күнделікті өмірде жиі кездесетін құқықтық жағдайлар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, заңгер маман жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығына тоқталып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берді.
Кездесу оқушылар үшін танымдық әрі пайдалы болып, заңды білу – қауіпсіз әрі жауапты болашақтың кепілі екені айтылды.


