2026 жылғы 20 қаңтар күні Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде 9–11 сынып оқушыларына арналған жоғары әскери оқу орындарына түсу бойынша үгіт-насихат жұмысы жүргізілді.
Кездесуге Шу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің инспекторы Қ. Ахметов және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық бірлестігінің төрағасы Б. А. Джапабаев қатысты.
Шара барысында оқушыларға Құрлық әскерлері әскери институты (Алматы), Әуе қорғаныс күштері әскери институты,
Радиоэлектроника және байланыс әскери институты (Алматы) туралы толық мәлімет берілді.
Кездесу оқушылардың әскери мамандықтарға қызығушылығын арттырып, болашақ мамандық таңдауға бағыт берді.


