Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ

МЕНЮ

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде «Зиянды тағамдардың бала денсаулығына әсері және оның алдын алу жолдары» тақырыбында оқушыларға арналған танымдық баяндама өткізілді. Іс-шараны мектеп медбикесі Ж. Жексенбетова мен әлеуметтік педагог Н. Әутен ұйымдастырып, өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға дұрыс тамақтанудың маңызын түсіндіру, зиянды тағамдардың бала ағзасына тигізетін кері әсерін көрсету және салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу болды.
Баяндама барысында фастфуд өнімдері, газдалған сусындар, тәтті және майлы тағамдардың адам денсаулығына тигізетін зияны жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар дұрыс тамақтану ережелері мен алдын алу жолдары туралы пайдалы мәліметтер берілді. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойды.
Іс-шара қорытындысында оқушылар дұрыс тамақтанудың денсаулықты сақтаудағы маңызын түсініп, салауатты өмір салтын ұстануға бағыт-бағдар алды.
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ