Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде 30.01.2026жылы 9–11 сынып оқушыларына арналған «Ұстаз» көркем фильмі көрсетілді.
Іс-шара кәсіби бағдар беруші педагог Төлендиева Айгерімнің ұйымдастыруымен мектептің АКТ залында өтті.
Фильм барысында ұстаз мамандығының маңызы түсіндіріліп, ҰБТ-ға дайындық кезінде болашақ мамандықты саналы таңдаудың қажеттілігі айтылды.
Іс-шара соңында мектептің жас мұғалімдері демеушілік танытып, оқушыларға жүгері таяқшалары мен сағыздар таратты. Бұл оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, іс-шараның әсерлі өтуіне ықпал етті.


