Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде 9–11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру мақсатында ШУ10 колледждің өкілдерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында колледж мамандары оқушыларды өз оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларымен, мамандықтарымен, оқу шарттары мен қабылдау талаптарымен таныстырды. Сонымен қатар, болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат берілді.
Шара оқушылардың қызығушылығын арттырып, кәсіби бағыт-бағдар алуына үлкен үлес қосты.
Дайындаған:Төлендиева Айгерім


