Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орай «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалыс мүшелері арасында сайыс өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру, әскери-патриоттық тәрбие беру, ерлік пен батырлықты дәріптеу, Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігін құрметтеу, жастарды ел қорғауға дайын, тәртіпті әрі жауапты азамат етіп тәрбиелеу.
Сайыс барысында жас сарбаздар өздерінің шеберлігін, ұйымшылдығын және әскери дайындықтарын көрсетті.


