Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасын іске асыру мақсатында 7-сынып жетекшілері А.Арғынбаева мен А.Дуйсенбиеваның ұйымдастыруымен «Жасөспірімдерді зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі – сенім мен жеке шекараға құрмет» тақырыбында ата-аналармен сабақ өткізді.
Сабақ барысында ата-аналармен жасөспірімдерге қауіпсіз орта қалыптастыру, бала мен ата-ана арасындағы сенімді қарым-қатынастың маңызы, жеке шекараны құрметтеу және зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары кеңінен талқыланды.
Осындай кездесулер бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ата-ана мен мектептің бірлескен жұмысының маңызын арттыра түсетіні сөзсіз.


