«ҚАУІПСІЗ ИНТЕРНЕТ-САНАЛЫ ҰРПАҚ КЕПІЛІ!»
Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде 10 ақпан – Халықаралық интернет күніне орай бірқатар іс-шаралар өткізілді.
«Қауіпсіз интернет – жарқын болашақ кепілі»
«Интернет: мүмкіндік пе, әлде қауіп пе?»
«Цифрлық сауаттылық – заман талабы»
– Оқушылардың интернеттегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру;
– Кибербуллингтің, интернет алаяқтықтың алдын алу;
– Жеке деректерді қорғау туралы түсінік беру;
– Саналы әрі тиімді интернет қолдануды насихаттау;
– Жасөспірімдердің цифрлық сауаттылығын арттыру.
Шара барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, интернеттің пайдалы және зиянды тұстарын талқылады. Сонымен қатар, қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, нақты өмірлік мысалдар келтірілді.
Қауіпсіз интернет – әр оқушының саналы таңдауынан басталады!


