Бұл жолы Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебіне арнайы барып, әдістемелік кабинеттің әдіскерлері мұғалімдермен кіріктірілген сабақтар, сынып сағаты, шебер сағаттар өткізіп, тәжірибе алмасты.
Өз кезегінде бөлім басшысы мектеп ұжымымен кездесіп, педагогтердің біліктілік санаттарына қойылатын талаптардың орындалуына, ҰБТ көрсеткішін көтеруге, білім сапасын арттыруға, облыстық, республикалық олимпиадалардың жүлдегерлерін дайындауға бағытталған қадамдық әрекеттерді егжей-тегжейлі түсіндірді.
Бұған қоса Жайдар Саттарқұлұлы оқушылармен кездесіп, әртүрлі сұрақтар қою арқылы білімін тексеріп, белгілі ақын-жазушылардың шығармашылығын қаншалықты деңгейде білетіндігіне көңіл аударды.


