Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы жариялаған 2025 жылдың 17 қазан – 17 қараша аралығындағы Мектеп кітапханалары айлығы аясында, «Ұлттық құндылықтар» тақырыбымен «Балалар кітапханасында» жобасы бойынша Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектеп кітапханасында “Отбасылық оқу” атты фото сурет байқауы 8-сынып оқушылары арасында өткізілді.
Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, отбасы мүшелерін кітап оқуға тарту арқылы отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-ана мен бала қарым-қатынасын нығайту. Сонымен қатар, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту және отбасыдағы оқырмандық мәдениетті қалыптастыру, кітаптың бірлесе оқылуы арқылы ұрпақтар сабақтастығын көрнекі түрде көрсету.


