Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ
Абдикеримов Елдар Маликханович
1983 жылы Жамбыл облысы Шу ауданы Балуан Шолақ ауданында дүниеге келген.
Білімі – жоғары. Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультеті мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы Жамбыл облысы Шу ауданы Бірлік ауылы Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі қызметінен бастаған.
2013-2017 жылдары осы аталған мектепте құқықтық – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
2017 жылдың 21 маусымынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының, Шу ауданының білім бөлімінің Саттар Естемесов атындағы орта мектебінің директоры қызметін атқарды.
2025 жылдың 23 маусымынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының, Шу ауданының білім бөлімінің Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінің директоры қызметін атқаруда.
Сіздермен мектеп басшысының, түрлі оқиғаларға пікірлер алмасу, тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігі болуы үшін құрылған жеке ресми блогымда сөйлесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар біздің күнделікті өмірімізге толықтай енді деуге болады жəне замануи қоғамның бір бөлігі болып табылады. Интернет коммуникация құралы ретінде азаматтық қоғамды құру жолында маңызды рөл атқарады жəне мемлекеттік білім беру органдарының ашықтық белгісі болып табылады.
Құрметпен, мектеп басшысы



