Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ

МЕНЮ
 🤖
2025-12-18_09-13-37.png
 
Робототехника сабағында  үйірме мүшелері гироскопия датчигі тақырыбымен танысты.
Гироскопия датчигі роботтың бұрылуын, еңкеюін және бағытын анықтауға көмектеседі. Бұл датчик роботтың тепе-теңдігін сақтауда және дәл қозғалуында маңызды рөл атқарады.
Сабақ барысында оқушылар датчиктің жұмыс істеу принципін үйреніп, оны тәжірибеде қолданып көрді.
 
 
 
🇰🇿 «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» сынып сағаты 🇰🇿
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты барысында оқушылар еліміздің тәуелсіздік жолындағы тарихи кезеңдерімен танысып, ел үшін жанын қиған батырлар мен желтоқсан қаһармандарына тағзым жасады. Тәуелсіздіктің қадірі мен мәні, ел бірлігі мен отансүйгіштік туралы ой қозғап, патриоттық өлеңдер оқылып, тәрбиелік мәні зор пікір алмасулар жүргізілді.
Шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухты сіңіру, тәуелсіз елдің болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
                                                                    Тәуелсіздік – тұғырымыз, елдігіміздің ең басты құндылығы! 🇰🇿
 
              597891606 1923007678636840 2011903815124127862 n    597706025 1923007045303570 3014523623931118534 n     589951003 1923007475303527 7216837571200254929 n

🇰🇿  Тәуелсіздік күніне орай, ел рәмізін ұлықтайтын, Отансүйгіштікке үндейтін «Туымды көтер!» патриоттық акциясына Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінің оқушылары қатысты.

https://www.facebook.com/share/v/1HCoo3Suqb/

🌸

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде «Қыз Жібек» қыздар ұйымының ұйымдастыруымен ұлттық құндылықтарды дәріптейтін «Ғабдуллин аруы – 2025» арулар байқауы жоғары деңгейде өткізілді. Байқауға қатысушылар 7-10 сынып қыздары.
Шараның мақсаты:
✓қазақ қыздарының ұлттық болмысын,
✓сұлулық пен әсемдігін,
✓өнер мен білімін насихаттау,
✓оқушы қыздардың шығармашылық қабілеттерін дамыту,
✓ұлттық дәстүрлер мен құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіру.
Байқауға қатысқан барлық арулар өз өнерімен, білім деңгейімен, ұлттық киім үлгілерімен жарқырап көзге түсіп, тамаша әсер қалдырды.
 
 
 
                            597182901 1918346512436290 7562386033190871396 n
© 2025 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ