Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ
МЕНЮ
Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде кәсіби бағдар беруші педагогтың қатысуымен «ҰБТ-ға дайындықтағы ата-ананың рөлі» тақырыбында ақпараттық жиналыс өтті.
Жиналыс барысында ата-аналарға баланың дайындық кезеңінде көрсетілетін психологиялық қолдау, дұрыс оқу ортасын
қалыптастыру, мотивация беру және емтихан кезеңіндегі
күйзеліске төтеп беру жолдары түсіндірілді.
Кәсіби бағдар беруші педагог ҰБТ нәтижесіне әсер ететін маңызды факторларды атап өтіп, оқушылардың болашақ мамандығын
таңдауда ата-ананың рөлі ерекше екенін айтты.
Жиналыс пайдалы ақпаратқа толы болып, ата-аналар өз сұрақтарына жауап алып, балаларына қолдау көрсетудің тиімді жолдарын
меңгерді.
Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде 2025 жылдың 15 қыркүйек күні, мектебімізде "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында. Отбасының, білім беру мекемесінің, қоғамның байланысын нығайтуға жәрдемдесу, мектептің қызмет ету тәртібіндегі өзгерістер мен жаңа енгізілімдер туралы ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету мақсатында жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып өткізілді.
Жиналыстың күн тәртібінде:
-Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру.
-"Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі" туралы
-Сонымен қатар білім беру ұйымдарындағы мектеп формасына қойылатын талаптар.
-Ата-аналар комитетін сайлау.
-Білім алушылардан жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүргізуге ата-аналардан келісім парағын алу.
-Балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы айтылды.
Мектеп директоры Е. Абдикеримов тарапынан ата-аналарға бүгінгі таңда қоғамды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі-балаларымыздың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігін сақтау туралы, айтып, пайдалы ақпараттармен бөлісті.
Ата-аналарға арналған күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары назарға алынып, ата-аналар тарапынан жауапкершілікке алынды.
"Ұл тәрбиесі-ұлт тәрбиесі"
Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде 2025 жылдың 16 қыркүйек күні
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында
Ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім орната отырып, бүгін мен болашаққа деген жауапкершілікті қалыптастыру.
Сондай-ақ кәмелетке жасы толмағандар арасында білім алушыларды тәрбиелеу мен құқықтық оқыту, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, қылмыстық құқық бұзушылық жасайтын тұлғалардың іс-әрекетін алдын-алу.
мақсатында
"Азамат" ұлдар ұйымының жетекшісі
Ш. Қожагелдінің ұйымдастыруымен кезекті ұлдар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жеңіскүл Жайсанбекқызы сөз алып, ұлдарға "Құқық бұзушылықтың алдын-алу", буллингтен қорғану, жол қауіпсіздігі мотоцикл, мопед туралы, желідегі түрлі ойындардың қауіпсіздігі және біреудің мүлкін ұрлау интернет-алаяқтары туралы тақырыптары бойынша түсіндірме жұмыстарын атап өтті.
Сонымен қатар мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстырылып, өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру және әкелер, ағалар ықпалы нәтижесінде ер балалардың азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
МЕКТЕП АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІНІҢ кезектен тыс І-ші отырысы өтті.
Күн тәртібі:
1. Мектеп пен ата-аналар комитетінің ынтымақтастығын арттырудың жолдары туралы.
2. Мектеп ата-аналар комитетінің қызметін үйлестірудің ерекшеліктері туралы.
4.. Мектеп ата-аналар комитетінің төрағасы мен алқасын сайлау туралы. Ең алдымен мектеп директоры Е.Абдикеримов күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз алып, ата-аналардың пікірімен алмасты.
Күн тәртібіндегі «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын бірлесіп іске асыратын жағымды орта қалыптастыру бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж. Бармешова сөз алды. Құрметті ата-аналар комитеті!
Бүгін сіздерге таныстырылатын "Адал азамат" Біртұтас тәрбие бағдарламасы – баланы адал, әділ, отансүйгіш әрі жауапты тұлға етіп тәрбиелеуге бағытталған республикалық бағдарлама.
Бағдарламаның мақсаты:
– Оқушылардың бойына адамгершілік құндылықтарды дарыту;
– Жауапкершілік, тәртіп, еңбекқорлық, патриотизмге тәрбиелеу;
– Мектеп, отбасы және қоғам арасындағы тәрбиелік серіктестікті күшейту.
Бағдарламаның негізгі бағыттары:
1. Адалдық пен әділдікке тәрбиелеу
2. Еңбекке баулу
3. Отбасылық құндылықтарды насихаттау
4. Қоғамға пайдалы іс-әрекеттерге баулу
5. Өзін-өзі дамыту мен жауапкершілікке үйрету
Ата-ананың рөлі:
– Баланың тәртібі мен тәрбиесіне белсенді араласу
– Мектеппен тығыз байланыста болу
– Үйде бағдарлама құндылықтарын жалғастыру
Бұл бағдарлама – Сіз бен біз болып, болашақтың адал азаматын тәрбиелеудің ортақ жолы.
Үшінші мәселе бойынша мектеп психологы Ж.Тилеулиева ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп өтті. Күн тәртібіндегі төртінші мәселе ата-аналар комитетінің құрамын сайлау бойынша мектебіміздің ата-аналар комитетінің төрайымы А. Қасабаева сөз алып, ата-аналар комитетінің құрамын сайлады. Ата-аналар комитетінің жаңа құрамын барлық ата-аналар қолдап, өзара шешімге келді.
© 2025 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ





