Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ

МЕНЮ

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде Отбасы күніне орай 5-6 сынып ата -аналарымен "Әкем және біздің отбасы" атты спорттық сайыс ұйымдастырылды.

Мақсаты:әкелердің отбасындағы рөлін дәріптеу, оқушылар мен ата -аналар арасындағы тығыз байланыс орнату, салауатты өмір салтын насихаттау.
 
Қатысушалар шапшаңдық , ептілік, командалық жұмыс және төзімділік танытып, балаларға тамаша көңіл-күй сыйлады.

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде 22 қыркүйек күні жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг және кибербуллинг туралы мағлұмат беру, түнгі уақытта ата - анасының қарауынсыз жүрудің алдын - алу мақсатында Шу АПБ ЖПҚБ УПИ полиция капитаны Н.Омарбаев 8-11 сынып оқушыларымен «Буллинг және кибербуллинг», «Түнгі уақытта көшеде жүрмеу»,1-4 сыныптар арасында «Жолда жүру ережелері», «Жол ережесін білу-бәріне міндет» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Шу ауданы білім бөлімінің Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының аясында «Заң және тәртіп» тақырыбында 8-11 сынып ұлдарымен жиналыс өткізілді. Жиналысқа мектеп директоры Е.Абдикеримов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Бармешова, Шу АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция капитаны Н.Омарбаев, «Азамат» ұлдар ұйымының жетекшісі Ш.Қожагелді мен Ғ.Текебаев қатысты. Жиналыста оқушылардың қауіпсіздігі мақсатында мопед, мотоцикл айдамау, құқық бұзушылықтың алдын алу, мектеп ережелерін сақтау, тәртіп пен жауапкершілік жайында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мектебімізде ерекше әрі жүрекке жылу ұялатар іс-шара өтті. Бүгінде еліне еңбек сіңіріп жүрген азамат Ақботаев Айбек Мұратұлы өз туған мектебіне құнды сыйлық – жаңа компьютер тарту етті.

Бұл — тек материалдық көмек емес, білімге деген қолдау, болашаққа салынған берік инвестиция деп білеміз. Айбек бауырымыздың бұл игі ісі — жас ұрпаққа деген жанашырлықтың жарқын үлгісі.
Іс-шара барысында мектеп ұжымы, оқушылар мен ата-аналар атынан Айбек мырзаға шын жүректен алғыс айтылып, алғыс хат табысталды. Сондай-ақ, оқушылар өнерлерін көрсетіп, ризашылықтарын білдірді.
Осындай елге жанашыр, туған жерге туын тіккен азаматтарымыз көп болғай!

tps://www.facebook.com/share/v/1FVr6CBH45/

 

 

 

© 2025 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ