Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ
МЕНЮ
Шу ауданы білім бөлімінің Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде Шу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өміралиев Ержан Көкірекбайұлы бастаған аудандық мобильдік топтың қатысуымен жасөспірімдерге қылмыстық құқық бұзушылықтың салдары, оның алдын алу, жауапкершілігін арттыру, құқықтық сауаттарын ашу, буллингтің алдын алу мақсатында 8-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
"Қызды тәрбиелеу-ұлтты тәрбиелеу"
Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде 2025 жылдың 12 қыркүйек күні "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында
Қазақ халқының әдеп-ғұрып, салт-дәстүрлік қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттық тыныс- тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті сыпайы, адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу мақсатында "Қыз жібек" қыздар ұйымының жетекшілігімен қыздар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Бармешова сөз алып, қыздарға қазіргі таңда етек алып жатқан келеңсіз оқиғаларды және қыз баласының тәрбиесі қазақ қыздарының менталитетіне қарапайымдылық, сыпайылық, инабаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ақылдылық, имандылық қасиеттерді жоғалтпай, салт дәстүрімізді ұстана білуіміз қажет деді.
Қыздармен әңгімелесе отырып, ар-намысын сұлулығын, ар-ұяттығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болу туралы, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой-өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратыны бойынша ескертілді.
Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде Кеңес Одағының батыры, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы
Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына орай, 10 "А" сынып оқушыларының арасында "Мәлік Ғабдуллиннің филология ғылымына қосқан үлесі" атты ғылыми конференция болып өтті.
Конференцияға 10 "А" оқушылары: Амангелді Назым, Жұмабек Гүлнұр, Байтұрған Заңғар, Райымқұл Аида, Қыдырбай Досым, Дулатбай Арайлы қатысып, өз зерттеу жұмыстарын ортаға салып, ойларымен бөлісті.
Сынып жетекшісі: Смайыл Аян Байтұрғанұлы

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасын іске асыру мақсатында 2 сынып жетекшісі
Г.Таңсықованың ұйымдастыруымен
«Жеке қауіпсіздік және баланы зорлық-зомбылықтан қорғау» тақырыбында ата-аналармен сабақ өткізді.
Мақсаты: Ата-аналардың баланың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның жеке шекараларын сақтауға, зорлық-зомбылық белгілерін дер кезінде тануға және мазасыздық сигналдарына дұрыс әрекет етуге дайындығын қалыптастыру.
🔰 Мазмұны:
📌1. Ата-аналардың мазасыздық деңгейін төмендету
📌2. Баланы эмоционалдық қолдаудың маңыздылығын түсіндіру
📌3. Ата-аналарға өз жағдайын тұрақтандыру әдістерін үйрету
© 2025 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ






