Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ
МЕНЮ
Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толуына орай «Қазақтың жарық жұлдызы» атты тарихи кеш өткізілді.
Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толуына орай «Қазақтың жарық жұлдызы» атты тарихи кеш өткізілді.
Кештің негізгі мақсаты – ел қорғауда ерлік көрсеткен батыр, жазушы, ұстаз, қазақ тарихында өшпес із қалдырған Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолын жас ұрпаққа кеңінен таныстыру, оқушыларды отансүйгіштікке, рухани адамгершілікке тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар батырдың өмірі мен ерлік жолы туралы тың деректер тыңдап, оқушылардың қатысуымен ұйымдастырылған көріністер кештің мазмұнын тереңдете түсті.
Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына арналған «Қазақтың жарық жұлдызы» тарихи кеші жас буынға рух беріп, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге жол ашты.
27 қараша күні М. Ғабдуллин атындағы орта мектебінде «Шабыт» шығармашылық тобының жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі, педагог-зерттеуші А. Мұсақұлованың ұйымдастыруымен «Егер білім жүрекке жетсе» тақырыбында шығармашылық топ мүшелерімен коучинг өткізілді.
Коучинг мақсаты – мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыра отырып, білім беру үдерісінде жүрек жылуын, эмоциялық интеллект пен рухани байланысты нығайту. «Жүрекке жеткен білімнің» оқушы тұлғасына әсерін ұғындыру.
Күтілетін нәтижелер – мұғалімдер оқытудағы эмоциялық байланыстың маңызын түсінеді. «Жүрек арқылы білім беру» қағидасының мәнін ұғынады. Оқушымен сенімді, жылы қарым-қатынас орнатудың жолдарын анықтайды.
Коучин барысында мұғалімдердің көңіл күйін көтеру мақсатында «3 секундтық күлкі» психологиялық тренинг, топтық жұмыстар жасалып, «Жүрекпен сабақ беретін ұстаз» тақырыбында видео көрсетілді. Ұстаздар топқа бөлініп, сол арқылы өздерінің шығармашылық қырларын пайдаланып, тақырып аясында постер қорғады. Сабақ соңында «Менің жүрегім сізге не айтады?» деген мазмұнда ұстаздар бір-біріне жылы тілектерін айтып, коучингті аяқтады.
© 2025 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ





