Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ

МЕНЮ

27 қараша күні М. Ғабдуллин атындағы орта мектебінде «Шабыт» шығармашылық тобының жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі, педагог-зерттеуші А. Мұсақұлованың ұйымдастыруымен  «Егер білім жүрекке жетсе» тақырыбында шығармашылық топ мүшелерімен коучинг өткізілді.

Коучинг мақсаты – мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыра отырып, білім беру үдерісінде жүрек жылуын, эмоциялық интеллект пен рухани байланысты нығайту. «Жүрекке жеткен білімнің» оқушы тұлғасына әсерін ұғындыру. 

Күтілетін нәтижелер – мұғалімдер оқытудағы эмоциялық байланыстың маңызын түсінеді. «Жүрек арқылы білім беру» қағидасының мәнін ұғынады. Оқушымен сенімді, жылы қарым-қатынас орнатудың жолдарын анықтайды. 
Коучин барысында мұғалімдердің көңіл күйін көтеру мақсатында «3 секундтық күлкі» психологиялық тренинг, топтық жұмыстар жасалып, «Жүрекпен сабақ беретін ұстаз» тақырыбында видео көрсетілді. Ұстаздар топқа бөлініп, сол арқылы өздерінің шығармашылық қырларын пайдаланып, тақырып аясында постер қорғады. Сабақ соңында «Менің жүрегім сізге не айтады?» деген мазмұнда ұстаздар бір-біріне жылы тілектерін айтып, коучингті аяқтады.
© 2025 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ