Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ

МЕНЮ

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта  мектебінде тарих пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толуына орай «Қазақтың жарық жұлдызы» атты тарихи кеш өткізілді. 

     Кештің негізгі мақсаты – ел қорғауда ерлік көрсеткен батыр, жазушы, ұстаз, қазақ тарихында өшпес із қалдырған Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолын жас ұрпаққа кеңінен таныстыру, оқушыларды отансүйгіштікке, рухани адамгершілікке тәрбиелеу.
    Іс-шара барысында оқушылар батырдың өмірі мен ерлік жолы туралы тың деректер тыңдап,  оқушылардың қатысуымен ұйымдастырылған көріністер  кештің мазмұнын тереңдете түсті.
   Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына арналған «Қазақтың жарық жұлдызы» тарихи кеші жас буынға рух беріп, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге жол ашты.
© 2025 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ