Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ

МЕНЮ

Іс шарада Кеңес Одағының Батыры, әйгілі ғалым, әдебиет зерттеушісі, педагог Мәлік Ғабдуллиннің өнегелі өмір жолы мен ерлігі кеңінен насихатталды. Оқушылар мен қатысушылар батырдың ұлт руханиятына қосқан үлесі, ғылыми еңбектері мен ерлік жолдары туралы тың ақпарат алды.

 Кеш барысында:

Батырдың өмірі мен шығармашылығы жөнінде баяндамалар тыңдалды. 

Деректі материалдар көрсетілді. 

Оқушылар өлең оқып, ерлік жолы туралы сахналық көрініс қойылды. Өз ой-пікірлерімен бөлісті. Батырдың азаматтық болмысы мен білімпаздығы жастарға үлгі ретінде дәріптелді.

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінің  9-сынып білім алушылары  жұмысшы мамандықтар  бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Шу қаласы №10 Шу колледжі базасында ұйымдастырылған  «Ашық есік»  күніне қатысып,  колледждің  білім беру бағдарламалары туралы ақпарат ала отырып,  оқу кабинеттері мен зертханаларына экскурсия жасады. 

 
   Іс-шараның мақсаты — мектеп бітіруші оқушыларға дұрыс мамандық таңдау бағытында кеңес беру, түрлі салалар бойынша ақпарат беру және болашаққа сенімді қадам жасауға қолдау көрсету.
 
    Кездесу барысында оқушылар мамандықтың қыр-сыры, еңбек нарығындағы сұраныс, оқу орындарына түсу талаптары туралы жан-жақты мәлімет алды. Сонымен қатар, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелі мамандардан нақты жауап ала білді.
 
Аталған іс-шара оқушылардың көзқарасын кеңейтіп, болашақ мамандығын анықтауға үлкен серпін берді.
Кәсіптік бағдар беру педагогі:Төлендиева Айгерім
 
                                      cbef10c6 d550 4230 b905 332846d54753     ff26de1f aa9e 44ff b109 fdec3f5ae066       3e1a11d1 e4b2 43ab afb0 a229709e29b9

 Үйірме сабағында оқушылар датчиктердің жұмыс істеу принципін, олардың роботтағы маңызын және түрлерін меңгерді. Жарық, түс, қашықтық, жанасу және гироскоп сияқты датчиктердің әрқайсысының қызметін тәжірибе арқылы көріп, шағын тапсырмалар орындады.

Оқушылар қызығушылықпен қатысып, роботтың “көре алу”, “сезіну” және “ойлау” мүмкіндіктерін тәжірибе жүзінде зерттеді.
Сабақты ұйымдастырған: Жиибай Ақжамал
 
                                                              785b1056 fb8c 4ad8 a856 d7850581057e         ae717bb6 6b09 4615 88f4 d5a118a7f000         ae717bb6 6b09 4615 88f4 d5a118a7f000
Мәлік Ғабдуллин атындығы орта мектебінде көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Таңатбаев Еділ мен Уразбаева Назиманың  ұйымдастыруымен оқушылардың шығармашылық жұмыстарынан тұратын көрме өткізілді. Көрменің мақсаты – оқушылардың өнерге қызығушылығын арттыру, олардың қолөнерге, дизайнға, көркем ойлауға деген қабілеттерін дамыту және еңбектің бағасын түсіндіру.
 
Іс-шара барысында оқушылар ағаш өңдеу, макет жасау, қолөнер бұйымдарын қалыптастыру, тұрмыстық заттарды жаңғырту сияқты әртүрлі бағыттағы жұмыстарын ұсынды. Әрбір жұмыс оқушылардың ізденісі, еңбекқорлығы және шығармашылық қиялы арқылы ерекшеленеді.
© 2025 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ