Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінің 9-сынып білім алушылары жұмысшы мамандықтар бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Шу қаласы №10 Шу колледжі базасында ұйымдастырылған «Ашық есік» күніне қатысып, колледждің білім беру бағдарламалары туралы ақпарат ала отырып, оқу кабинеттері мен зертханаларына экскурсия жасады.
Іс-шараның мақсаты — мектеп бітіруші оқушыларға дұрыс мамандық таңдау бағытында кеңес беру, түрлі салалар бойынша ақпарат беру және болашаққа сенімді қадам жасауға қолдау көрсету.
Кездесу барысында оқушылар мамандықтың қыр-сыры, еңбек нарығындағы сұраныс, оқу орындарына түсу талаптары туралы жан-жақты мәлімет алды. Сонымен қатар, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелі мамандардан нақты жауап ала білді.
Аталған іс-шара оқушылардың көзқарасын кеңейтіп, болашақ мамандығын анықтауға үлкен серпін берді.
Кәсіптік бағдар беру педагогі:Төлендиева Айгерім



