Мәлік Ғабдуллин атындығы орта мектебінде көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Таңатбаев Еділ мен Уразбаева Назиманың ұйымдастыруымен оқушылардың шығармашылық жұмыстарынан тұратын көрме өткізілді. Көрменің мақсаты – оқушылардың өнерге қызығушылығын арттыру, олардың қолөнерге, дизайнға, көркем ойлауға деген қабілеттерін дамыту және еңбектің бағасын түсіндіру.
Іс-шара барысында оқушылар ағаш өңдеу, макет жасау, қолөнер бұйымдарын қалыптастыру, тұрмыстық заттарды жаңғырту сияқты әртүрлі бағыттағы жұмыстарын ұсынды. Әрбір жұмыс оқушылардың ізденісі, еңбекқорлығы және шығармашылық қиялы арқылы ерекшеленеді.


