Мақсаты:бүлдіршіндерді кітапхана әлемімен таныстыру, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, ертегілер мен көрнекі иллюстрациялар арқылы оқуға қызығушылығын ояту, алдағы уақытта кітапхананы тұрақты пайдалануға ынталандыру.
Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп кітапханасында кішкентай бүлдіршіндерге арналған «Кітапханаға саяхат» атты қызықты шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар кітапхана қорымен танысып, кітап туралы ертегіні тамашалады. Сонымен қатар балаларға кітап ішіндегі көрнекі иллюстрациялар мен 3D форматтағы кейіпкерлер ұсынылды.
Кітапханаға алғаш қадам басқан бүлдіршіндер кітаптың құдіретін сезініп, алдағы уақытта өскенде кітапханаға жиі келіп, білімдерін толықтыратынына уәде берді. Қазірше оларды ағалары мен әпкелері кітапханадағы шығармаларды алып, бірге оқып беретінін айтты.



