Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектеп кітапханасында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Егемендік жолындағы тарихи қадам» атты танымдық сағат ұйымдастырылды.Шара барысында кітапханашы Д. Назарова «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты кітап көрмесімен таныстырып, «16 желтоқсан – Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында сұрақ-жауап ойынын өткізді.
Мектеп парламентінің мүшелері Әутен Нұрайлым,Кендебай Аружан, Әутен Жанбота Тәуелсіздік тақырыбында арнайы дайындалған презентацияларымен таныстырды.
Шара соңында барша қатысушылар «Қазақстаным – Отаным» әнін орындап, мерекелік кеш қорытындыланды. 



