Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде 3-4 сынып оқушыларынан “Ас -адамның арқауы”тақырыбында сауалнама алынды.
Сауалнаманың мақсаты – оқушылардың дұрыс тамақтану, ұлттық тағамдардың маңызын түсіну және салауатты өмір салты туралы білімдері мен көзқарастарын анықтау.
Зерттеу барысында оқушылардың тамақтану әдеттері, тәуліктік ас мәзірі, және тамақтану процесі туралы қандай маманнан кеңес сұрау керектігі,тәулігіне неше рет тамақтану туралы және санитарлық-гигиеналық нормаға сай болу туралы түсініктері қарастырылды. Алынған мәліметтер оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай тағам мәдениетіне деген қызығушылығы мен түсінігін бағалауға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік педагог: Н.Әутен


