Мәлік Ғабдуллин орта мектебінің әлеуметтік педагогы Н.Әутен 10–11 сынып оқушылары арасында «Мен және менің құқықтарым» тақырыбында сауалнама жүргізді. Сауалнаманың негізгі мақсаты – оқушылардың өз құқықтары мен міндеттері туралы түсінік деңгейін анықтау, құқықтық сауаттылығын арттыру және мектепте құқықтық мәдениетті нығайту болды. Сауалнама барысында оқушыларға адам және бала құқықтары жөніндегі негізгі түсініктер, Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Бала құқықтары туралы» Конвенцияда көрсетілген құқықтар туралы сұрақтар қойылды. Сонымен қатар оқушылардың құқықтық мәселелерге деген көзқарасы, өз құқықтарын қорғау жолдары туралы өз ой-пікірлерін жазды.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ
МЕНЮ
«Мен және менің құқықтарым» тақырыбында сауалнама жүргізді.
© 2025 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ


