Биылғы 2025-2026 оқу жылының басталуымен қатар, мектебімізде балаларды бір мезгіл тегін тамақтандыру жұмыстарыда ұйымдастырылып, жүргізіліп келеді. Аталған жұмыстың сапалы жүргізілуін бақылау мақсатында брокераждық комиссия құрылды.
Комиссия құрамы өз қызметінде тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатын қабылдау деректерінің, тез бұзылатын тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттардың брокераж журналына олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырылып, енгізілуіне бақылау жүргізеді.
Сондай-ақ асхана тазалығы, ондағы ылғалды жинау, тамақтану процесінің алдын ала бекітілген ас мәзіріне сәйкес жүргізілуін қадағалап отырады.
Мектеп оқушыларының сапалы тамақтандырылуы қатаң бақылауда.


