Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ
Үйірме сабағында оқушылар датчиктердің жұмыс істеу принципін, олардың роботтағы маңызын және түрлерін меңгерді. Жарық, түс, қашықтық, жанасу және гироскоп сияқты датчиктердің әрқайсысының қызметін тәжірибе арқылы көріп, шағын тапсырмалар орындады.

Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толуына орай «Қазақтың жарық жұлдызы» атты тарихи кеш өткізілді.
Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толуына орай «Қазақтың жарық жұлдызы» атты тарихи кеш өткізілді.
27 қараша күні М. Ғабдуллин атындағы орта мектебінде «Шабыт» шығармашылық тобының жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі, педагог-зерттеуші А. Мұсақұлованың ұйымдастыруымен «Егер білім жүрекке жетсе» тақырыбында шығармашылық топ мүшелерімен коучинг өткізілді.
Коучинг мақсаты – мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыра отырып, білім беру үдерісінде жүрек жылуын, эмоциялық интеллект пен рухани байланысты нығайту. «Жүрекке жеткен білімнің» оқушы тұлғасына әсерін ұғындыру.




