Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ
МЕНЮ
Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасын іске асыру мақсатында 2026 жылдың 14 қаңтар күні 5-сынып жетекшілері Н.Темірбекова мен А.Абсаматтың ұйымдастыруымен «Жасөспірімдерді зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі – сенім мен жеке шекараға құрмет» тақырыбында ата-аналармен сабақ өткізді.
Сабақ барысында ата-аналармен жасөспірімдерге қауіпсіз орта қалыптастыру, бала мен ата-ана арасындағы сенімді қарым-қатынастың маңызы, жеке шекараны құрметтеу және зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары кеңінен талқыланды.
Осындай кездесулер бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ата-ана мен мектептің бірлескен жұмысының маңызын арттыра түсетіні сөзсіз.
Заң және тәртіп айлығы аясында мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымының қатысуымен «Менің жұлдызды отбасым» тақырыбында бейнероликтер байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты, жауапкершілік пен бірлікті насихаттау. Қатысушылар өз отбасыларының үлгілі қарым-қатынасын, татулығы мен бірлігін бейнероликтер арқылы көрсете білді.
Шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, отбасы – тәрбие мен тәртіптің алтын діңгегі екенін көрсете білді.
Тақырыбы: «Бала құқығы – асыл қазына» бірыңғай сынып сағаты
Мақсаты:
Оқушыларға бала құқықтары туралы түсінік беру, олардың құқықтары мен міндеттерін ажырата білуге үйрету. Әр баланың қауіпсіз, бақытты өмір сүруге құқығы бар екенін ұғындыру, құқықтық сауаттылықтарын арттыру. Заңды құрметтеуге, өз құқығын қорғап қана қоймай, өзгенің құқығын сыйлай білуге тәрбиелеу.
Темекінің зияны ![]()
Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде 8–11 сынып ұлдары арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Темекі-сенің жауың!» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді
Мектеп медбикесі Ж. Жексенбетова темекі мен электронды темекінің адам денсаулығына тигізетін зияны, жасөспірім ағзасына әсері, зиянды әдеттердің алдын алу жолдары туралы маңызды мәліметтермен бөлісті.Оқушыларға арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, жаднамалар таратылды.
Мұндай түсіндірме жұмыстары жас ұрпақты зиянды әдеттерден сақтандырып, дұрыс таңдау жасауға тәрбиелейді.
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ





