Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ

МЕНЮ

 

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде 2026 жылғы 19 қаңтарда оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда «КІТАП БЕТБЕЛГІЛЕРІ ЕМЕС» және «ХУЛИГАНКА» атты қысқаметражды фильмдер көрсетілді.
Аталған кинокөрсетілім Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі жүзеге асырып отырған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Заң және тәртіп» айлығы аясында өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – заң мен тәртіп құндылықтарын насихаттау, қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайту, оқушылардың заңға бағыну жауапкершілігін арттыру және азаматтық санасын қалыптастыру.

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінің кәсіби бағдар беруші педагогы А.Төлендиеваның ұйымдастыруымен 10 сынып оқушыларымен Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөліміне танымдық экскурсия жасалды.

Экскурсия барысында оқушылар төтенше жағдайлар қызметінің жұмысымен, құтқарушылардың күнделікті қызметі, арнайы техникалар мен құрал-жабдықтармен танысты. Мамандар оқушыларға бұл саланың маңызы, жауапкершілігі жоғары әрі ерлікке негізделген мамандық екені туралы кеңінен мәлімет беріп, қауіпсіздік ережелері бойынша пайдалы ақпараттармен бөлісті.
Аталған шара оқушылардың болашақ мамандықты саналы таңдауына бағыт-бағдар беріп, кәсіби қызығушылықтарын арттырды.
 

Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінде «Заң және тәртіп» құндылығы аясында 15 қаңтар күні 9-11 сыныптар арасында «Жасөспірім және құқық бұзушылық» тақырыбында жиналыс өткізілді.

Жиналысқа мектеп директоры Е.М.Абдикеримов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Ж.Бармешова,
мектеп инспекторы Е.Мұхтарұлы оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты:
Жасөспірімдерге құқықбұзушылықтың алдын алу жолдарын түсіндіру, заңды құрметтеуге тәрбиелеу, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау дағдысын қалыптастыру және құқықтық сауаттылығын арттыру.

Робоқол роботын құрастыру

Робототехника үйірмесінде «Әскери роботты техникалардың негіздері» тақырыбы аясында оқушылар робоқол роботын құрастырды.
Сабақ барысында роботтың құрылымы, қозғалыс механизмдері және басқару принциптерімен танысты. Робоқолды құрастыру арқылы оқушылар техникалық ойлауын дамытып, роботтардың әскери және күнделікті өмірде қолданылу мүмкіндіктерін түсінді.
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» КММ